18.09.2021, 21:38
Оқылды: 504

Оралда облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі ашылды

Бүгін Зашаған кентінде облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі ашылды.

05267FE5-1431-4081-A700-A5CEA4421501

Қала күнінде тағы бір спорттық нысанның ашылуымен құттықтаймын. Денсаулық – біздің ең басты байлығымыз. Ал денсаулық мықты болу үшін спортпен шұғылдану керек. Әрине спортпен айналысу, айналыспау  әркімнің өз еркі. Мемлекетіміздің мақсаты балалар мен ата-аналардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін тиісті инфрақұрылым құру. Үш-төрт жыл бұрын Елбасы Н. Назарбаев 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға тапсырма берген еді. Біз бұл тапсырманы орындаудамыз. Осы бағытта бізге қолұшын созып, көмек көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге алғыс айтамын. Бұны бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігі деп білеміз.  Спорттық нысандар облыс орталығында ғана емес, аудандарда да бой көтеруде. Бұлардың барлығы балалардың өздері ұнатқан үйірмелерге қатысып, спортпен айналысулары үшін салынуда. Жерлесіміз, олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов келіп, салтанатты   іс-шараның мәртебесін арттыра түсті. Жаңа ғимаратта шынығатын спортшы балаларға сәттілік тілеймін. Еліміздің көк туын халықаралық жарыстарда желбірететін  ерік-жігері ерен, мықты споршылар атануларына тілектеспін, деген облыс әкімі Ғали Есқалиев нысанды сапалы әрі уақытында аяқтаған құрылысшыларға алғысын білдірді.

B43EA0EB-0289-4E32-942E-D39E5DBD15CE

Жаңа нысанның бой көтеруіне мұрындық болған Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясы  бас директорының орынбасары Қуаныш Құдайбергенов те жаңа кешеннің ашылуымен құттықтады. Ол компанияның әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалары ең алдымен денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт  нысандарын салуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту мақсатында барлық ауданда салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтайтындарына сенім білдірді. Ал олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жаңа кешеннен өзінен асқан шебер, екі-үш дүркін олимпиада чемпиондары тәрбиеленіп шығуын тіледі. Сонымен бірге өзін  құрметтеп шақырған қала басшылығына алғысын жеткізді. Спорт мектебінің  директоры Есенгелді Айсағалиевке кешеннің символдық кілті табыс етілді.

724ABEB8-F307-4436-97A3-48E4B2F28F53

Облыс басшысы, салтанатты іс-шараға жиналған қонақтар сәні мен салтанаты келіскен спорт кешенін аралап, түрлі спорт залдарымен танысты. Мектеп директоры айтып өткендей, мұнда алты жүздей спортшы  жеті спорт түрінен, яғни баскетбол, волейбол, гандбол, садақ ату, президенттік көпсайыс, триатлон түрлерінен жаттығады. Оларды 37 бапкер жаттықтырады.

07F974F9-B4D3-4210-9D20-FAF659A9B3C2

FFD2B3A1-580F-4E35-B6A1-8A5167F4ED17
2A6F08F2-4A5E-44CB-B443-5B07E9DB3633
E47C8361-708E-45F1-B4BA-BF135614F4F5

CDF69DD9-E16D-4568-A357-791ED7033968
7FF78D3A-AFC6-418A-95BF-0CA8258B4FFA
135F45B2-0C30-4F11-AF87-22EEF66049A9

2583AC42-4243-4745-A097-299E67219D2A
5965EF47-A895-48C6-9629-8159BBE3A55C
Айна Имашева

Суреттерді түсірген: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале