19.02.2021, 22:10
Оқылды: 654

Оралда оқушылардың «Шырақ» ғылыми байқауы өтті

Ғылыми-зерттеу және іздестіру қызметі арқылы білім берудің заманауи талаптарына сай келетін жоғары интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы қалалық «Шырақ» зерттеу жұмыстарының байқауы өткізіліп тұрады.

IMG-20210221-WA0000

Бұл байқау оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне баулу, мектептегі ғылыми-зерттеу жұмысының жүйесін дамыту, ең үздік мектеп оқушыларын анықтау және іріктеуді мақсат етеді. «Шырақ» зерттеу жұмыстарының сырттай байқауында 31 оқушының жұмыстары қаралып, 10 оқушының жұмысы ішкі кезеңге өтті. Байқау қорытындысында «Медициналық экология» бағыты бойынша ІІ орынды №43 мектептің 9-сынып оқушысы Әлішер Қуанышқали (жетекшісі Эльмира Валиева), «Туризм, демалу, денсаулық» бағыты бойынша І орынды №37 мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Ануарбек (жетекшісі Гүлбаршын Орынова), «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша ІІ орынды №37 мектептің 9-сынып оқушысы Мадина Абдушева (жетекшісі Гульмира Сулейменова) иеленді.

IMG-20210221-WA0001

«Медициналық экология» бағыты бойынша ІІ орыннан №50 мектептің оқушысы Жұлдыз Кахраман (Н.Кенжегалиева) және №9 мектептің 7-сынып оқушысы Егор Шагиев (жетекшісі Альбина Нурулина) көрінді. Сондай-ақ аталған бағыт бойынша №37 мектептің 10-сынып оқушысы Алтынбек Тельжанов (жетекшісі Қарлығаш Едресова) және осы мектептің 9-сынып оқушысы Айнамкөз Темірғалиева (Гүлбаршын Орынова), №12 мектептің 7-сынып оқушысы Виктория Бабкина (А.Нигметова) ІІІ орынды жеңіп алды.

«Әлеуметтік экология», «Әдеби өлкетану» бағыттары бойынша ІІ орыннан №37 мектептің 10-сынып оқушысы Аружан Мұхамбетова (жетекшілер Арайлым Сейлева, Данагүл Төлегенова), «Қолданбалы экология» бағыты бойынша ІІІ орыннан №33 мектептің 7-сынып оқушысы Перизат Жиенғали (А.Кустанбаева) көрінді.

А.Куркембаева,
әдіскер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале