18.11.2022, 10:45
Оқылды: 103

Оралда сайлау күні автобустар мен инватакси тегін жүреді, жәрмеңке өтеді!

Облыста сайлауға дайындық жұмыстары осыдан бір ай бұрын басталған болатын. Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскелері мен сайлау комиссиялары маңызды күнге толығымен дайын. Бұл туралы БҚО Сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов айтты.

WhatsApp Image 2022-11-18 at 08.28.09

Сайлауға адамдардың белсенді қатысуы маңызды. Әркімнің дауысы ел тағдырына қосылар үлес.

 

Бұл күні Орал қаласының әкімдігі қала ішіндегі және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің жолаушы тасымалын ұйымдастырып отыр.

Сіз дәл сол күні барлық бағыттағы қоғамдық көліктермен тегін жүре аласыз!

-20 қараша күні қоғамдық көліктер күнделікті кестеге сәйкес жүреді. Тегін қоғамдық көліктер қала ішіндегі және қала маңындағы барлық бағыт бойынша күні бойы қатынайтын болады. Сол күні қала маңындағы саяжайлардан сағат 7:00- 12:00 аралығында сайлау учаскелеріне дейін автобустар шығарылатын болады, - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

-Сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруін қамтамасыз ету үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылады. Қала бойынша 35 инватакси мүмкіндігі шектеулі жандарды сайлау учаскесіне дейін тегін тасымалдайды. Тек алдын ала тапсырыс беру қажет, - деді қалалық әкімдік өкілі.

Бұдан бөлек сайлау күні Орал қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтетін болады.

Жәрмеңке әдеттегідей Ықсанов көшесінде және Жәңгір хан көшесіндегі «Көк базар» аумағында ұйымдастырылады.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале