23.02.2021, 12:33
Оқылды: 310

Оралда салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы бойынша кеңес өтті

Өңір басшысы Ғали Есқалиевтің шақыруы бойынша Батыс Қазақстан облысына «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының көркемдік-өндірістік мәселелер және ғимаратты пайдалану жөніндегі орынбасары, сценограф Викторм Карере келді, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

978BE821-1A52-4FC3-B57F-7818466B30B6

В.Карере Орал қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы алаңда салынып жатқан көпфункционалды мәдениет ғимаратын салу мәселелері бойынша кеңес беру үшін арнайы келді.

Жобаға сәйкес, мәдениет үйінің ғимаратында конференц, экспозициялық және көрме залдары, сыйымдылығы 926 орындық концерт залы, мәжіліс залы орналасады.

Жобалау мамандарымен бірге В.Карере салынып жатқан нысанды аралап көрді. Содан кейін аймақ басшысының төрағалығымен облыстық әкімдікте консультативтік кеңеске қатысты.

Кездесу барысында ғимараттың алдыңғы беті мен мен жалпы дизайнын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, арнайы жабдықтар, дыбыстық дайындық жобалары, акустикалық жүйесін, ғимарат фойесін ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берілді. В.Кареренің айтуынша, ғимарат көзделген стандарттарға сәйкес келген жағдайда, «Астана Операның» опералық спектакльдерімен және театрлық қойылымдарымен алдағы уақытта Оралға гастрольге келуге уағдаласты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале