20.04.2021, 15:07
Оқылды: 218

Оралда санитарлық-экологиялық екі айлық жалғасуда

Биыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 50000-нан аса жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар) отырғызу жоспарланды.

ай1

Бүгінде санитарлық-экологиялық екі айлығының жариялануына орай қаланы таза ұстау бағытында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тазалық жұмыстарына күн сайын 400-ден астам жұмысшы мен 120-дан астам арнайы техника шығады. Олар көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, бұталарды кесу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жүргізу, абаттандыру жұмыстарын жасайды.

ай2

1 сәуірден басталған тазалық шарасында полигонға 465,2 тонна күл-қоқыс шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге мемлекеттік мекеме ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, ПИК, шағын және орта бизнес субъектілері, қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.

ай3

Қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес құрылыс компанияларына өз аумақтарын қоқыстан тазарту, дөңгелектерді жуу пункттерін орнату, кіреберіс жолдарды тегістеу жұмыстары туралы тапсырмалар берілді. Абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары құрылыс жұмыстарын тоқтатады немесе айыппұл төлейтін болады.

ай4

Жалпы алғанда сенбіліктерге қаладағы бюджеттік ұйымдардан – 6456, шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан – 2945, жастардан – 1913, ПИК-тің ұйымдастыруымен – 1245 адам қатысты.

ай5

Сондай-ақ шаһарда бірқатар жол жөндеу жұмыстары оның ішінде жол белгілерін салу, кеспе тастарды, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды бітеу және орташа жөндеу жұмыстары жүруде.

 ай7

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале