25.10.2023, 11:07
Оқылды: 112

Оралда «Шахмат керуені» турнирі өтіп жатыр

Дәл қазір шаһардағы Тұңғыш Президент алаңында «Шахмат керуені» турнирі басталды. Бүгін екі ай бойы еліміздің барлық аймағын аралап шығатын «Шахмат керуені» біздің өңірдегі шахмат озаттарын анықтайды.

InShot_20231025_110136195

Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі қатысты.

– Бүгінгі өңіріміздегі турнирге қош келдіңіздер! Орал қаласындағы «Шахмат керуені» турнирінің ашылуымен бәріңізді құттықтаймын. Қазіргі кезде шахмат ойынының көкжиегі әлемнің барлық елдерінде қарқынды дамыған. Халықаралық федерациясы мен мыңдаған жанкүйерлері бар. Өңірімізде ел намысын қорғап, кәсіби мансабында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген азаматтар жетерлік. Тәуелсіз еліміздің мерейі үстем болсын! Баршаңызды бүгінгі айшықты мереке Республика күнімен құттықтаймын!, - деді облыс басшысы Нариман Төреғалиев.

Қазір швейцарлық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын блицтен турнир өтіп жатыр. Онда облыстық іріктеуден өткен 20 адам өзара бақ сынасып, үш жеңімпаз гранд-финалға жолдама алады.

InShot_20231025_110750870

Сондай-ақ жартылай финалдың ойыншылары «Әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш», «16 жасқа дейінгі үздік қатысушы» және «50 жастан асқан ардагер ойыншы» аталымдары бойынша бақ сынайды.

Арнайы тігілген мобильді киіз үйде алдын-ала тіркелген 10 әуесқой шахматшы гроссмейстермен бір мезеттік ойын сеансына қатысады.

InShot_20231025_110554331

«Шахмат керуені» – Қазақстан шахмат федерациясының  өңірлердегі интеллектуалды спорт түрін дамыту үшін қолға алған жобасы.

InShot_20231025_111814034

Айта өтейік, ұлттың зияткер ұрпағын қалыптастыруды мақсат еткен жобаға Freedom Broker компаниясы бас демеушілік жасап отыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале