28.09.2023, 22:15
Оқылды: 502

Оралда суицид жасамақшы болған ер адам құтқарылды

Бүгін 102 операторына Н.Назарбаев даңғылының бойындағы Юбилейная аялдамасында белгісіз ер адам қолына пышақ алып, өзінің тамағына қойып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

WvA1kQoZФото дереккөзі: inbusiness.kz

Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы келіп жетеді. Жасұлан Балмағанбетов ер адамды сөзге тартып, көңіл аулау кезінде әріптесі Мұхаммадрасул Рашитов жігіттің артынан келіп, суық қаруды қолынан тартып алады да, жерге құлатып, оқиғаның алдын алады.

Ұсталған азаматтың Орал қаласының 1984 ж.т. тұрғыны екені және бірнеше уақыттан бері созылмалы ауруымен есепте тұрғаны белгілі болды. Оқиға орнынан пышақ тәркіленіп алынды.

Түсініктеме бергенде ол ауруынан шаршап, осындай қадамға еріксіз барғандығын түсіндіріп берді. Қазіргі уақытта жігіт Орал қаласының уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале