28.03.2023, 16:30
Оқылды: 70

Оралда тағы бір ХҚКО секторы ашылды

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы тағы бір жаңа сектор ашты. Бұл туралы корпорацияның

БҚО-дағы баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2023-03-28 at 16.06.05 (1)

Енді Орал қаласының тұрғындары жылжымайтын мүлікті Самал көшесі, 82 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде ресімдей алады.
Бұрын азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын ресімдеу үшін ХҚКО-ға немесе нотариустарға жүгінуге тиіс болатын. Енді "SUN CITY NEXT" ТК-ден пәтер сатып алған азаматтар компанияның сату кеңсесінде "Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін ала алады.

WhatsApp Image 2023-03-28 at 16.06.05
- Жаңа сектордың ашылуы сатып алушыға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын құрылыс компаниясының сату кеңсесінде нотариустың қатысуынсыз тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, клиенттер жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасауға арналған уақыты мен ақшалай қаражатын үнемдейді, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Надир Құрымбаев.

WhatsApp Image 2023-03-28 at 16.06.58

Жылжымайтын мүлікті ресімдеу кезінде ХҚКО мамандары сатып алу-сату шартын жасайды. Мәміле жасайтын тұлғалардың қолдарының түпнұсқалығын, олардың құқықтық қабілеттілігін тексереді. Содан кейін жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Мәміле жасау үшін сатып алушы жұбайының нотариалды куәландырылған келісімін немесе сатып алынатын мүліктің меншік иесі некеде тұрмайтындығы туралы өтініш беруі керек.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай сектор С.Тюленин көшесі, 47/1 мекенжайында ашылған болатын.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале