13.11.2018, 16:58
Оқылды: 89

Оралда теңгенің 25 жылдығына арналған көрме ашылды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңгенің 25 жылдығына арналған «Ақшаның тарихы» атты көрме ашылды.

 tenge (1)

         Музейде «Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы» атты мәдени шара ұйымдастырылып, аталмыш музейдің экскурсия бөлімінің меңгерушісі Г.Төлеңгітова көрерменге музей қорында сақталған XVIII-XXI ғасырда қолданылған ақша түрлерімен, ақша айналымының тарихымен таныстырды. Еліміздің ұлттық валютасы жөнінде түсінік беріліп, алғашқы теңге банкноталар туралы мағлұмат айтты. Теңге тарихы туралы бейнебаян көрсетілді.

         Өз кезегінде сөз алған ҚР Ұлттық Банкі облыстық филиалы директорының орынбасары Н.Қалдыбеков ұлттық валютаның мәні мен маңызы жөнінде баян етті. Оның  айтуынша, екі күн бойы Ұлттық Банктің облыстық филиалында Валюта күніне орай «Ашық есік» күні ұйымдастырылмақ. Ал музейдегі ақшалар тарихынан сыр шерткен көрмені бір айға жуық уақыт бойы тамашалауға мүмкіндік бар.

         Шараға М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Экономика және басқару факультетінің «Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, ҚР Ұлттық Банкі облыстық филиалының және екінші деңгейлі банк қызметкерлері қатысты.

tenge (2) tenge (4)

Ясипа РАБАЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале