25.09.2021, 23:14
Оқылды: 162

Оралда тренажер сымына оралып қалған бала жансақтау бөліміне түсті

Оралда 9 жасар бала балалар алаңында тренажер сымына оралып қалып, тұншыққан.

8DF5D70E-C513-4A7F-9143-A24FC5EC38F6

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 қыркүйек күні У.Громова көшесі бойындағы аулалардың бірінде болды.

2012 жылы туған бала абайсызда құлап кетіп, темір тренажердің бірінің сымына оралып қалған.

Ол тұншығу диагнозымен қалалық көпбейінді ауруханасына жатқызылды.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жансақтау бөлімінде жатқан бала – ес-түссіз күйде. Жағдайы өте ауыр.

Полиция департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале