17.06.2020, 9:56
Оқылды: 0

Оралда туристерге арналған сайт іске қосылды

Батыс Қазақстан облысында туристік индустрияны дамытуға мүмкіндік мол. Шығыс пен батыстың әлемдік өркениеттерінің түйіскен жеріндегі ерекше географиялық орналасуы, климаттық жағдаййының қолайлылығы, табиғи ландшафттардың әсемдігі туризмді өркендетуге сұранып-ақ тұр. Оның үстіне маңызды тарихи оқиғалар орын алған жер. Жыл сайын мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен, жақын және алыс шет елдерден келетін туристердің саны артып келеді.

veb-sait 2

Әлемнің қазіргі жағдайында туристік сайттар мен маршруттарды цифрландыру бұрынғыдан да өзекті болып табылады. Іске асыру үшін www.visit-uralsk.kz веб-сайты іске қосылды. Сайтта туристерге арналған көптеген қызмет түрлері бар. Бұл танымал туристік орындар туралы бейнероликтер, ішкі туризмнің дамуы және т.б. Сайтта өнер мен тарихи нысандарды нақты уақыт режимінде көруге арналған интерактивті 3D картасы, туристік нысандар туралы ақпараттар, ағымдағы жаңалықтар, облыстың әлеуметтік оқиғалары және басқалар орнатылған.

Сонымен қатар қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін туристік терминалдар орнатылды, оның ішінде қала мен облыстың назар аударарлық орындары, мұражайлар, саябақтар, мейрамханалар және т.б. туралы ақпараттар бар. Ақпарат барлық терминалдарда және сайтта үнемі жаңартылып отырады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале