2.02.2023, 16:45
Оқылды: 61

Оралда ұландықтар суық қарумен жүрген азаматты ұстады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күнделікті Орал қаласының тыныштығын күзету мақсатында қала көшелеріне жауынгерлік қызметке шығады.

24

Кеше өздерінің жауынгерлік қызметтерін атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы Н.Жангазин өзінің серіктестерімен бірге өздеріне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген кезде өздеріне қарсы келе жатқан белгісіз азамат әскери жасаққа күдік тудырады. Әскери жасақ бастығы қатардағы Н.Жангазин күдік туғызған азаматқа өзін таныстырып, сөзге тартады. Әңгімелесу  барысында әлгі азаматтың ішімдік ішкені анықталады. Ұландықтар күдіктіге сыртқы тінту жұмысын жүргізеді. Тінту барысында сырт киімінің  қалтасынын 7 см ұзын жүзді пышақ табылады.

Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының Полиция басқармасына жеткізеді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.

Ертуған Әубакир,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале