23.05.2022, 11:45
Оқылды: 118

Оралда Ұлттық ұланның әскери психологтарының практикалық даярлығы пысықталды

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшелері психологтарының екі күндік практикалық даярлығы аяқталды.

PHOTO-2022-05-20-10-07-51(2)

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған әскери қызметшілерге көмек көрсету кезінде психологиялық жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін әзірлеу болып табылады. Іс-шара әскери психологтарды жауынгерлік жағдай факторларынан туындаған жеке құрам арасындағы психогендік бұзылушылыққа байланысты жұмыс әдістемесіне үйретуге баса назар аударылды.

"Батыс" өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Бақыт Алазовтың басшылығымен өткен іс-шараға Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Орал гарнизондарынан келген әскери психологтар қатысты.

PHOTO-2022-05-20-10-07-50

Жиын барысында әскери психологтар практикалық, топтық сабақтар, семинарлар мен релаксация тренингтерін өткізді, онда психологиялық жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің өзекті мәселелері, әскери психологтың кәсіби қызметінің ерекше аспектілері қаралды, сондай-ақ күнделікті егжей-тегжейі барысында туындайтын психологиялық жұмыстың ең өзекті және даулы мәселелері бойынша пікір алмасты, жаңа басшылыққа алынатын құжаттарды зерттеді.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар үшін қазіргі заманғы ұрыс жағдайында әскери қызметшілерді стрестік жағдайларға дайындаудың озық әдістемелерін пайдалана отырып, далалық сабақ ұйымдастырылды. Әскери психологтар психологиялық кедергілерден өтуді, әскери қызметшілермен командада жұмыс істеуді және жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған жағдайларда психологиялық жай-күйді басқаруды жеке көрсетті.

Шарада Ұлттық ұлан қатарына әскерге шақыру кезінде азаматтарды сапалы іріктеу мәселелерін талқылауға да ерекше назар аударылды.

Әскери психологтардың айтуынша, бұндай жиындар өтуі тиімді. "Алдымен біз қандай проблемалар бар екенін талдап, оларды зерттеп, тиісті дәрістер дайындадық. Біздің психологтардың адамдармен "тікелей" жұмыс істеуге көбірек уақыт алуы үшін әртүрлі өңірлерден келген психологтардың сұраулары жиналды, психологиялық деректерді есептеудің автоматтандырылған бағдарламалары дайындалды", – деп атап өтті "Батыс" өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының аға офицер - психологы, майор Берік Рашев.

Сонымен қатар көрсетпелі шеберлік сабақтарын Орал қаласының жетекші оқу орындары мен құқық қорғау органдарынан шақырылған тәжірибелі мамандар өткізді.

PHOTO-2022-05-20-10-07-50(1)

Аталған шара ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметшілердің моральдық рухын сақтауды қамтамасыз ету, мерзімді әскери қызметтің беделі мен қызығушылығын арттыру тапсырмаларын іске асыру аясында өтті. Жүктелген міндеттерді шешуде әскери психологтардың атқаратын рөлі маңызды.

 ҚР Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік баспасөз қызметі,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале