17.08.2022, 21:00
Оқылды: 91

Оралда жол апатынан зейнеткер көз жұмды

Бүгін сағат 14:20 шамасында БҚО “Казталовка-Жалпақтал-Чапай” тас жолының 145 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Лада Приора маркалы автокөлігін басқарған 1999 жылғы жүргізуші қарама-қарсы бетте келе жатқан “Лада Веста” маркалы автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан, - деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

IMG-20220817-WA0062

Апат салдарынан Лада Веста маркалы автокөлігінің 72 жастағы жолаушысы көз жұмды.

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, Лада Веста маркалы автокөлігінің 3 жолаушысы және Лада приора автокөлігінің 4 жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале