21.12.2020, 22:12
Оқылды: 127

Оралда жол қауіпсіздігіне арналған семинар өтті

Орал қаласындағы Оқушылар сарайында жол қауіпсіздігін ілгері бастыруға арналған семинар өтті. Семинарға облыстағы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, нақтырақ айтқанда полиция, білім, ішкі саясат, тұрғын үй шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімдері мен басқармаларынан 15 және онлайн тыңдау арқылы 35 адам қатысты.

жол1

Онлайн арқылы өткізілген жиында аймақтық директор және EASST сарапшысы, Батыс Қазақстан облысындағы жобаның координаторы Сергей Дякону, EASST сарапшысы, Батыс Қазақстан облысындағы жобаның менеджері Татьяна Михайлова кіріспе сөз сөйлеп, семинардың мақсаты мен мәні туралы баян етті.

Бұдан соң семинарға Армениядағы жол қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңестің жетекшісі, жол қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық сарапшы, адвокация жөніндегі маман Погос Шагинян онлайн арқылы «адвокация» терминін, сондай-ақ адвокация аспаптарын стратегия мен тактикада жетілдіруге үйрену, оны теория және іс жүзінде іске асырудың тетіктерін табу, сондай-ақ адвокацияны жол қауіпсіздігі мәселелерінде жүзеге асыру туралы бүге шігесіне дейін түсіндірді.

жол2

– Жобаның басты мақсаты – Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларын және бұдан құрбан болатын адам санын азайтып, облыстағы жол жүру қауіпсіздігінің деңгейін жақсарту болып саналады. Бүгінгі семинарда осы мәселелер тұрғысында кеңінен қозғалып, айтылды.  Адвокацияға келсек, бұл қоғамдық пікірге құлақ түре отырып, өмірдегі қиын мәселелерді шешу деген ұғымға жақын термин болып табылады. Мәселен, қоғамдық пікір арқылы  қала, аудан тұрғындарынан өзі мекендейтін көшеде қандай проблемалар бар екенін тыңдап, естіп білуге болады. Семинарға мемлекеттік қызметшілерді шақырдық. Олар қоғамдық пікірге құлақ қойып, сондай-ақ осы жиында айтылған дәрістерді тыңдай отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны жақсарту жөніндегі тұрғындардың ұсыныстары бойынша еліміздің заңнамаларына қосымшалар енгізуді қолға алады. Семинарда көптеген  мәселелер егжей-тегжейлі  қозғалды. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлер үшін бұл жиынның пайдасы мол болып, өздерінің күнделікті қызметінде темірқазық ретінде пайдаланады деуге толық негіз бар, - деді облыстық «Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігінің басшысы, жобаның Батыс Қазақстан облысындағы координаторы Гүлнара Бисенова өз сөзінде.

 

Нұрымбек Жапақов,

         zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале