20.02.2024, 17:00
Оқылды: 32

Оралдағы 5517 әскери бөлімге жаңа командир тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Оралдағы 5517 әскери бөліміне жаңа командир тағайындалды.

715de1e9-5962-44dc-8db0-bda54792f799

Ол - подполковник Өміржан Сахатов.

Жаңадан тағайындалған командирді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, полковник  Бекайдар Қазкеев таныстырды.

ccd2321b-ff03-4fca-be3e-a1138398aeca

Өміржан Төлешұлы аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласында орналасқан 5510 әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары-штаб бастығы қызметін атқарған болатын.

b4e49eb5-7a4b-4162-98a0-262b474e2e0a

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Батыс өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы жаңадан тағайындалған бөлім командиріне әскери қызметінде табыс, жауынгерлік қызмет және жауынгерлік дайындықты жетілдіруді, әскери бөлімнің дамуына лайықты үлес қосатынына сенімін білдірді.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале