12.09.2023, 15:00
Оқылды: 55

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде отбасылық сайыс өтті

Отбасы күніне орай ҚР Ұлттық ұланның Орал қаласында орналасқан 5517 бөлімінде әскери бөлімнің мәдени демалыс орталығы бастығы, ефрейтор Шынар Отарбаеваның ұйымдастыруымен әскери қызметшілердің отбасыларының арасында «Жыл отбасы – 2023» отбасылық сайысы өтті. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз маманы, капитан Ертуған Әубакир мәлімдеді. 

30AF788A-ACF1-4F17-9CC3-2539ACD3E7EE

Ұйымдастырылған жарысқа 5517 әскери бөлімінен бес отбасы қатысып, өзара бақ сынасты.

Сайысты қортындылай келе, жүлделі I орынды екінші жедел мақсаттағы ротасының әскери қызметшісі сержант Закарин Төрежанның отбасы жеңіп алcа, жүлделі II орынды жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының атынан сынға түскен сержант Рахметжанов Жандостың отбасы иеленді.

2E1BCC13-0241-4106-BB48-FF9AC1447BCC

Ал III орын әскери бөлімнің материалдық техникалық қамтамасыз ету ротасының сержанты, ефрейтор Қазиев Аянбайдың отбасына бұйырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале