26.05.2021, 0:02
Оқылды: 339

Оралдағы әуежай оңала ма?

БҚО әкіміне қойылған өткір сауалдың бірі – Орал халықаралық әуежай құрылысына қатысты болды. «Информбюро» порталының тілшісі Серікжан Мәулетбай құрылыс барысы жөнінде тәптіштеп сұрап, жоба құны өзгеруіне не ықпал еткенін түсіндіруді өтінді. Ғали Есқалиев әуежай құрылысына 6 млрд. 6 млн. теңге жұмсалатынын айтты. Бұрынғы жобада қайта жаңғырту қарастырылғанымен, кейбір кемшіліктер ескерілмеген. Сейсмикалық қауіпсіздік талабына сәйкес болуын тексерген арнайы институт жобаны қаржыландыруды мақұлдамаған. Енді жаңа жоба бойынша екі есе қаражат бөлінбек. Әуежай аумағы бұрынғысынан ұлғайып, IT-секторы нығайтылып, технологиялық жабдықтар алынады. «Осы әуежай кімнің иелігінде? «БКР» компаниясының үлесі бар ма? Егер әу бастан жекеменшікке берілген болса, әуежай неге «ҚПО б.в.» инвестициясы мен бюджет қаражаты есебінен жөнделуде?», – деді журналист.

е 2

– Акция салымында аталған компанияның тікелей үлесі жоқ. Қазіргі уақытта әуежай үш жеке тұлғаның меншігінде. Үшеуі де резидент, Қазақстан Республикасының азаматтары. Олар әуежай терминалы мен ұшу жолағын басқарады. Құрылыс жобасы басталмастан бұрын ұзақ уақыт келіссөздер жүргізілді. Соның нәтижесінде терминал «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға берілетін болды. Корпорация арқылы жаңа терминал тұрғызамыз. Кейін лизинг шарты бойынша қазіргі иелеріне қайтарамыз. Олар жеңілдетілген бағамен лизинг қаржысын өтейтін болады. Жоба бойынша қаржының ұлғаюына байланысты акционерлермен келіссөздер тағы жүргізіледі. Олар келіспесе, конкурс жарияламақпыз. Бұдан басқа жолмен мәселенің шешімін табу мүмкін емес. Жеке инвестор әуежайды жаңғыртуға келіспеді. Ең бастысы, құрылысты сапалы жүргізуге басымдық беріліп отыр, – деді Ғали Есқалиев.  

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале