25.01.2021, 16:53
Оқылды: 124

Оралдағы ірі өнеркәсіптік мекемелер еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы тақырыбында оқытулар өткізуде

«Батыс Су арнасы» ЖШС басшылық құрамының жетекшілігімен және «Батыс Су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының қатысуымен 2021 жылдың 5 қаңтарынан бері кәсіпорында қызметкерлер мен мамандарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі сұрақтары бойынша арнайы оқытулар өткізілуде.

37989EA2-529C-4DB8-B14D-2FD77EF5FC6D

Қауіпті өндірістік нысандардағы қызметкерлер мен мамандарды дайындау және оқыту бағдарламасы әзірленіп, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау аясында қызметкерлердің білімдеріне тексеру өткізудің  кестесі дайындалды. Бүгінгі күні, кәсіпорын қызметкерлерін оқыту және олардың білімін тексеруге бағытталған емтихандардан 194 қызметкер өтіп отыр. Әр күн сайын сағат таңғы 09:00-де басталатын оқыту жұмыстары 3 негізгі бөлімнен тұрды.

DD7EB9E9-26D0-4CA1-A5FB-F719244820DA

Олар:

- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, ҚР Еңбек заңнамасы, өнеркәсіп қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша дәрістер;

- Алғашқы медициналық жәрдем, оқыту материалдары, өндірістегі жазатайым оқиғалар, хлор шаруашылығы тақырыптарына бейнероликтер көрсету;

- Білімдерін тексеру бойынша емтихан.

2021 жылдың 18 - 22 қаңтары аралығында төмендегі бөлімдер бойынша 116 қызметкер оқыту және білімдерін тексеруден өтті. Оның ішінде сынақ зертханасының 19 қызметкері, көлік цехының 31 қызметкері, сондай-ақ орталық қойманың да қызметкерлері бой көрсетті.

4086EF9C-9D46-49FB-AAA5-1BF030B20C07

18DB868C-457F-4A79-8FC5-CEDA9D5A4E24

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале