23.11.2023, 10:15
Оқылды: 386

Оралдағы кафенің бірінен өрт шықты

Бүгін орталық базар аумағындағы «Транзит» кафесінен өрт шықты. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

3290D87A-E02C-4542-BF68-50255141716A

«Бүгін таңертеңгі сағат 08:35-те Нұрпейісова көшесінде орналасқан «Транзит» кафесінде өрт шыққаны жөнінде хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң, кафедегі электр сымдарында қысқа тұйықталу болғанын анықтады. Әсерінен мейрамхананың шатыры жана бастаған. Қызыл жалын сағат 08:53-те оқшауланып, 09:00-де толық сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағында БҚО ТЖД-дан 13 қызметкер мен төрт бірлік техника жұмыс атқарды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале