13.02.2024, 12:30
Оқылды: 19

Оралдағы қоғамдық көліктер жұмысын бастады

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

жп автобус

- Бүгін Орал қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қатты көктайғақ және соның салдарынан тасымалдаушы кәсіпорындардың жол желісіне шығу мүмкіндігі болмауына байланысты қоғамдық көліктер қозғалысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған еді.

Қазіргі уақытта көлік жүретін көшелерге құм-тұз қоспасы себіліп жатыр. Ақпанның 12-нен 13-не қараған түні түнгі ауысымда 16 бірлік құм себу техникасы шығарылды. Таңғы сағат 4:00-ге дейін құм өткізу жұмысы жүргізілді. Таңғы 5:00-де жұмысты күндізгі ауысымның қызметкерлері жалғастырды.

Сонымен қатар қосымша 4 мобильді бригада жұмылдырылды. Барлығы 1 650 тонна құм-тұз қоспасы себілді.

Қала аумағына қызмет көрсететін 6 тасымалдаушы кәсіпорында 250-260 автобус дайын. Сағат 10:30-дан бастап жергілікті уақыт бойынша өз бағыттары бойынша жүре бастады. Сағат 11:30-ға дейін барлық автобус желіге шықты, - делінген хабарламада.

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале