13.02.2024, 8:45
Оқылды: 125

Оралда қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтады

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автобус ЖП

- Бүгін қолайсыз ауа райына байланысты қалаішілік барлық бағыттағы қоғамдық көлік сағат 11:00-ге дейін жүрмейді. Қазіргі уақытта көшелерге құм-тұз қоспасы себіліп жатыр. Жолдар қалыпқа келген соң, қоғамдық көлік  жұмысын бастайды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қалалық білім бөлімі жердің көктайғақ болуына байланысты бірінші ауысымдағы  сабақ онлайнға  ауысқандығын хабарлаған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале