24.01.2024, 10:45
Оқылды: 36

Оралдық еріктілер ардагерлерге көмектесті

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің instagram парақшасында жазылды.

840e3917-323d-43e5-ab60-6b7ca2206e33

Фото: видеодан кадр

Оралдық еріктілер ардагерлердің ауласын қардан тазалауды жалғастырып жатыр.

Синоптиктердің мәліметінше, биыл қаңтар айында қалаға қар әдеттегіден көп түскен. Осы ретте қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың еріктілері университет, колледж студенттерімен бірлесіп, қамкөңіл қарияларға көмек қолын созды.

fde813bf-cef7-4fb5-b362-eeacc1eb42ce

Бұл жолы аталған орталықтың еріктілері мен жоғары инженерлік-технологиялық колледждің студенттері Сейфуллин көшесі, 68 мекенжайында тұратын ардагерге барды. Үй іргесін қардан тазалап, қолғабыс етті. Үй иесі көмекке келген жастарға алғыс айтып, батасын берді.

Айта кетейік, еріктілердің көмегі бір күндік жұмыспен шектелмейді. Олар алдағы уақытта өзге де зейнеткерлердің үйіне ат басын бұрып, қар тазалауға жәрдемдеседі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале