18.05.2018, 10:32
Оқылды: 1

Оралдық оқушы республикалық бейнебайқау жеңімпазы атанды

Erdaulet NuradinОралдық тоғыз жасар Ердәулет Нұрадин «balapan» телеарнасы жариялаған «Менің Қазақстаным» атты республикалық патриоттық бейнебайқауының жеңімпазы атанды.


Еске сала кетейік, байқау шарты бойынша, үміткерлер өзін таныстырып, елінің дамуына қосып жүрген үлесі, алға қойған мақсаты, болашақтағы арманы, өнер-білім, спорт саласындағы жетістіктері, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі туралы ойларын бір минуттық бейнеүзікке сыйғызып жолдау керек болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен 7-12 жас аралығындағы 500-ден астам бала қатысқан. Олардың ішінде еліміздің орталық, шығыс аймақтарынан қатысушылардың белсенділігі жоғары екен. Дейтұрғанмен, байқау қорытындысы бойынша, облыс намысын жалғыз өзі арқалаған Орал қаласындағы №46 мектептің 3 сынып оқушысы Ердәулет Нұрадин да іріктеліп алынған 16 жеңімпаздың қатарынан табылыпты.

46e33b6f-dffe-4365-bd46-3e3d2a0f40b3 (1)Ердәулеттің жеңісіне ерекше қуанған жандардың бірі – оның сынып жетекшісі Бөлекбай Базаров.

-Мен Ердәулетті даярлық сыныбынан бастап оқытып келе жатырмын. Өте белсенді, ынталы, жауапкершілігі жоғары оқушы. Сабағын үздік оқиды. Спортпен айналысуға да уақыт табады. Екеуін де тең алып келе жатуына Ердәулеттің әкесі Ренат Нұрадиновтың үлесі зор. Ол әркез баласының оқуын да, спорттағы жаттығуларын да қатаң қадағалап отырады. Мен шәкіртімнің әлі талай белестерді бағындыратынына сенімім мол, - деді Ердәулет туралы ықыластана әңгімелеген ұстаз.

Сан салалы спорт әлемінде жанына каратэні серік еткен менің кішкентай кейіпкерімнің қол жеткізген табыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Белгілі бапкер Сұңғат Жолданов жаттықтыратын каратэ үйірмесінің табалдырығын бес 086775f9-a6a2-4257-8ba8-87f4a144dbdaжасында аттаған Ердәулеттің бүгінде дипломдары мен кубоктарын есептемегенде, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жеңіп алған 18 алтын, 5 күміс, 3 қола медалі бар.

Ұлының болашағынан зор үміт күтіп отырған ата-анасы Ердәулеттің аталған байқауға қатысуына себепші болған, сонымен қатар бейнеүзікті дайындауға мол үлес қосқан баласының досының анасы, облыстық "Приуралье" газетінің тілшісі Динара Кендірбаеваға шексіз алғыстарын білдірді.

Сөйтіп, біздің Ердәулет «Менің Қазақстаным» патриоттық бейнебайқауының жеңімпаздарымен бірге жазғы демалыста «balapan» арнасының бағдарламаларына қонақ ретінде шақырылып, Астананың мәдени нысандарымен танысып, бас қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасау мүмкіндігіне ие болды.

Айгүл Ахметова

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале