5.05.2020, 15:07
Оқылды: 146

Оралдық оқушылар майдангерлер есімін кестелеп жазды

 Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Кестелі орамал» акциясы ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдері, оқушылары мен олардың ата-аналары өздерінің аталары мен әжелері – соғыс және тыл ардагерлерінің есімдерін кестелеп жазды.

D34500D0-A8AB-4554-BC36-CDDF43851D61

Акцияға қатысушылардың арасында ағайынды Әли мен Мерей Есенгелдиндер де бар. Олардың арғы аталары Байшыған Бектұрлиев қазақтардың арасында Сусаниннің ерлігін қайталаған жалғыз адам болып тарихта қалған.

– 1944 жылдың көктемі жаудың беті қайтып жатса да, герман армиясының шпиондық орталықтары кеңес тылында арандату жұмыстарын жүргізіп отырды. Сондай оқиғалардың бірінде Жылой ауданына түсірілген жау десанты жол көрсету үшін жылқы фермасының басқарушысы Байшыған Бектұрлиевті күштеп алып кетеді. Ол қанша азапқа түссе де, сабыры мен бағыт-бағдарын жоғалтпай, жау отрядын жергілікті органдардың қолына  түсіреді. Біздің атамыз Кострома облысындағы  И.Сусанин музейінде «елу үшінші Сусанин» болып тіркелген, – дейді Оралдағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Әли Есенгелдин.

AC75D215-7F1D-4849-B050-65959543742E

Сонымен қатар  қазір барлық Зияткерлік мектепте «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» мерейтойлық марафоны басталды. Патриоттық жоба аясында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар өз отбасыларының тарихын майданнан келген хаттар мен альбомдар, сонымен қатар соғыс мен тыл ардагерлерінің естеліктері арқылы ұсынуда.

2F54B8E0-6CD8-4A9E-A1BF-878367B58C30

 «Кестелі орамал» акциясы бойынша дайындалған бейнеролик:

Айдана Хамидуллина

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале