29.07.2022, 19:04
Оқылды: 209

Оралдық ұстаздар «LEADER TOPIQ» сайысының жүлдегері атанды

TopiQ.kz электрондық оқулығының тиімділігін, мүмкіндігін көпшілікке таныстыру мақсатында «Алматы кітап» баспасы ұйымдастырған Leader TopiQ сайысы мәресіне жетті. Мектеп оқушылары, орта мектеп ұстаздары, арнаулы және жоғары оқу орындары оқытушылары қатысқан республикалық байқауда 8 аталым бойынша 27 жүлдегер анықталған. Олардың екеуі  Орал қаласының педагогтары – №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бақытгүл Малтабарова және №50 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Алина Қасым.    

мгү

2021-2022 оқу жылында ұстаздар қауымы «Алматы кітап» баспасы жасақтаған TopiQ.kz электрондық оқулығын апробациялау бағытында жұмыстанды. Осы электрондық оқулықтың тиімділігін, мүмкіндігін көпшілікке таныстыру мақсатымен «Алматы кітап»  баспа үйі Leader TopiQ сайысын ұйымдастырған болатын.

Байқаудың мақсаты – оқушылар мен педагогтардың шығармашылық, креативті  ойлау қабілеттерін дамыту. Өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімдерін нығайту. Жаңа отандық TopiQ электрондық оқулықтар платформасының пайдалану аясын кеңейту.

мұг

«Үздік ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», «Үркер», «Альфа ұрпағы», «Жас дәурен», «Дарабоз», «Білім ер», «Болашақ» номинациялары бойынша қатысушылар екі кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады.

Бақытгүл Малтабарова мен Алина Қасым «Үздік ұстаз» номинациясы бойынша қатысуға өтінім беріп, байқау талабына сәйкес бірінші кезеңде сабақтарында платформаны пайдаланып үзінді көрсетсе, екінші кезеңде платформаның мүмкіндігін ашатын 2 минуттық креативті жарнама түсірді.

Нәтижесінде №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бақытгүл Малтабарова «Үздік ұстаз» аталымында жүлделі екінші орынды, №50 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Алина Қасым жүлделі бірінші орынды иеленді.

мгү

Сабақ өткізу мен ұйымдастыру кезінде цифрлық технология көмегін пайдаланатын  ұстаздар TopiQ.kz электрондық оқулығы оқушының креативті ойлауына, шығармашылық дамуына жағдай жасайтынын бек сеніммен айтады.

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале