28.02.2020, 14:32
Оқылды: 102

Оралдықтар «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурыз – ел тұрғындары үшін маңызды мереке Алғыс айту күні. Соған орай өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, ақсақалдар мен қала тұрғындары, студент жастар мен мектеп оқушылары Орал қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішіне гүл шоғын қойды.

algys 2

– Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз Тәуелсіздік алған бастапқы кезеңде-ақ Қазақстан халқы ассамблеясын құрып, халықты бірлікке, татулыққа шақырды. Ассамблея ынтымақ пен бірліктің, жалпыұлттық келісімнің тұғырына айналды. 2016 жылдан бастап достық пен бейбітшілік салтанат құрған Алғыс айту күні белгіленді. Алғыс айта отырып адамдар бір-біріне жылу сыйлап, мейірімді болады. Бұл ортақ тарихымызға, жылдар бойы елімізде достық пен өзара түсінікті қалыптастырған аға ұрпаққа, біздің әкелеріміз бен аталарымызға деген құрмет. Сондықтан ортақ мерекеміз құтты болсын! – деді Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар.

algys 4

Мерекелік шараға жиналғандарды М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың жанынан ашылған «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы Абат Қыдыршаев, облыстық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Ляна Тұрсынова және «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк құттықтады.

                                                                                               Гүлсезім Бияшева

Суреттерді түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале