25.01.2018, 12:02
Оқылды: 40

Оралдықтар полиция қызметкерінің заңсыз әрекетін хабарлай алады

Егер полиция қызметкерлері тарапынан сізге қатысты заңсыз іс-әрекет орын алса не арыз-шағымыңыз уақытылы  қаралмаса, оның нәтижесімен келіспесеңіз, қалалық ішкі істер басқармасының сенім телефондарына хабарласуыңызға болады, деп хабарлайды Орал қалалық ішкі істер бөлімі.

Сенім телефондары: 21-17-19 (Орал қалалық ІІБ), 98-40-92 (Абай полиция бөлімі), 50-15-01 (Шаған полиция бөлімі).

Басқарма бастығы, полиция подполковнигі М.Айкенов және оның орынбасарлары аптаның дүйсенбі мен жұма күндері сағат 09.00-18.00 аралығында азаматтарды қабылдайды.

«Полиция қызметкерлері сізден арызды  қабылдамаған жағдайда 92-18-38, 92-18-37, 92-18-02 нөміріне телефон шалыңыз. Сіздің сұрағыңыз бен арыз-шағымыңызға қалалық ішкі істер басқармасы штабының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау тобының қызметкерлері жауап береді» деп хабарлады Орал қалалық ІІБ штабы.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале