24.12.2020, 15:54
Оқылды: 91

Оралдықтар жазда судан тарықпайды

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласы маңындағы Трекин ауылындағы жер асты су қорын бұрғылау жұмысымен танысты.

су 4

Қала әкімінің орынбасары Мирас Мулкай биыл екі ұңғыма қалпына келтірілгенін айтты. Әр ұңғыма 1500 текше метр су босатуға қауқарлы. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 16 ұңғыма қалпына келтірілсе, наурыз-мамыр айларында алты, 2022 жылы бес жаңа ұңғыма бұрғыланады. Сонда жер асты су қорынан тәулігіне 65 600 текше метр су өндіруге болады. Ең бастысы, 2021 жылдың алты айында бас-аяғы 18 ұңғыма жөнделіп, келер жазда қала тұрғындары судан тарықпайды. Су өндіру үшін жергілікті бюджеттен 60 миллион теңге бөлінген.

су7

Қазіргі уақытта ұрмалы әдіспен су айдау технологиясы тиімді нәтиже беруде. Соның нәтижесінде бір ұңғымадан өндірілетін су көлемі 500-ден 2 000 текше метрге дейін көбейді. «Жайықгидрогеология» ЖШС-ның бас директоры Бисен Даумов аталған технология жаңа қолданылып жатқанын, бұрынғы бұрғылау әдісінен гөрі әлдеқайда тиімді екенін айтты. Құбырдан ағып жатқан су тұщы әрі мөлдір, -9 градус салқындықта ағып жатыр.

су5

Бисен Даумов су сапасы жақсы екенін атап өтті.

«Жаңа ұңғымалар арқылы су өндіру қуатын арттыру бюджет қаражатын үнемдей отырып, қаланы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Трекин аумағындағы жер асты су қоры арқасында кезең-кезеңімен Жайық өзенінен су алуды азайтамыз. Әр ұңғыманы жасақтауға төрт миллион теңгедей қаражат жұмсалады», - деді облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев.

су2

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале