6.10.2026, 16:15
Оқылды: 8

Оралға жас сарбаздардың алғашқы легі келді

Күзгі шақырылым науқаны аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөліміне жас сарбаздардың алғашқы легі келіп жетті.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 12.42.17

Ақтау қаласынан келген жастарды әскери бөлімнің жеке құрамы қарсы алып, оларды орналастыру және әскери қызметке бейімдеу жұмыстары басталды. Әскери бөлімге алғаш келген сарбаздарға әскери киім-кешек беріліп, оны дұрыс кию, күтіп ұстау және сақтау тәртібі түсіндірілуде.
Алдағы уақытта Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларынан Оралға тағы 200-ге жуық жас келіп, Ұлттық ұлан қатарын толықтырады деп күтілуде.
Алғашқы күнгі әсерімен бөліскен қатардағы жауынгер Ержан Афуев әскери бөлімдегі қарсы алу мен алғашқы дайындық барысына тоқталды.
– Орал қаласына әскери қызметке келдік. Бізді жақсы қарсы алды. Бірінші күні әскери киімдерді алып, оларды қалай кию және қалай сақтау керектігін үйретіп жатыр. Барлығы түсінікті түрде көрсетілуде, – деді жас сарбаз.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 12.42.16
Жас толықтыруларды қабылдау, оларды орналастыру және әскери қызмет жағдайына бейімдеу жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасады. Алдағы күндері сарбаздар әскери тәртіп пен күн тәртібіне бейімделіп, бастапқы әскери даярлықтың негізгі бағыттары бойынша сабақтарға кіріседі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале