9.04.2024, 19:01
Оқылды: 46

Ораза айт күні Оралда бірнеше көше жабылады

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП MESHIT

- Құрметті облыс және қала тұрғындары!
10 сәуір күні Ораза айт мерекесіне орай Орал қаласындағы мешіттерде жамағатпен айт намазы 07:45-те оқылады. Осыған байланысты қоғамдық және жол қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында айт намазы кезінде мешіттер аумағындағы:

Абай даңғылы (Айтиев көшесінен Мұхит көшесіне дейінгі аралық) және Ж.Досмұхамедов көшелері (Құрманғазы көшесінен Самар көшесіне дейінгі аралық) 10 сәуір күні сағат 07:00-ден 08:30-ге дейін жабылатынын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале