6.03.2020, 14:34
Оқылды: 100

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттан өңір спортшылары жүлделі оралды

Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР-ның қысқы чемпионаты аяқталды.

ort (3)

Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 19 команда қатысты. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің шеберлігін шыңдап, бабын байқатқан жарыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқысы оқу мұнарасына шабуыл сатымен шығу болса, екінші кезең 100 метрлік кедергілі жолақтан өту.

ort (1)

Жарыстың алғашқы күні оқу мұнарасын бағындыру сайыстары өтті. Қорытындысында ерлер арасында өңір намысын қорғаған Дмитрий Агафонов ІІІ орынға табан тіресе, орта топ спортшылары сынында Райымбек Райымқұлов ІІ, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Мейірасыл Бақтығалиев ІІІ орынға табан тіреді.

Ал чемпионаттың екінші күні өткен кедергілі жолақтан өту сайыстарында БҚО өрт сөндірушілері екінші орынға ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен кубоктар табыс етілді. Енді үздік спортшылар еліміздің намысын тамыз айында Қарағанды қаласында өтетін халықаралық жарыста қорғайтын болады.

Күні кеше ел біріншілігінен жүлдемен оралған төтеншеліктерді облыстық төтенше жағдай департаменті мен өртке қарсы қызмет гарнизонының басшылығы қарсы алып, құрмет көрсетті.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале