21.06.2021, 20:15
Оқылды: 143

Өткен аптада БҚО аумағында 146 қылмыс тіркелді

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 146 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 96-сы ашылды. Оның ашылу деңгейі 65,7%-ды құрады. Соның ішінде 25 ауыр қылмыстың 14-і ашылды. Ашылу көрсеткіші 56%-ды құрады.

 7d38c32a-c63b-47a9-a990-a51475b955c8

Облыстық полиция Департаментінің бастығы, генерал-майор Махсудхан Аблазимовтың айтуынша, аталған қылмыс түрлері бойынша денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру - 3, контрабанда - 1, абайсыздан қазаға ұшырату - 1, қаруды, оқ-дәрілерді, жарлығыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру - 2, бұзақылық - 1, есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау – 1. Аталған қылмыстың барлығы дерлік ашылды.

Сонымен қатар 2 денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің 1-уі (50%), 16 алаяқтықтың 10-ы (63%) ашылды.
Жалпы бөтен мүлікті ұрлаудың 58 фактісі тіркеліп, оның 27-сі (46,5%) кезекші тәулікте ашылды.
Ашылмаған барлық қылмыстар бойынша оларды ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында бұрын жасалған 580 қылмыс ашылды.

Жол қауіпсіздігі бойынша облыс бойынша есепке алынатын 9 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның салдарынан 6 адам қайтыс болса, 9 адам дене жарақатын алды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сыртқы бейнебақылау камераларының рөлі бойынша жылдың басынан Жедел басқару орталығының «102» арнасына әртүрлі санаттағы барлығы 54 899 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 1 752 факті қылмысқа қатысты.
Өткен аптада Жедел басқару орталығының сыртқы бейнебақылау камераларының 275 әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде 46 ұсақ бұзақылық, 29 қоғамдық орындарда ішімдік ішу, 198 жолда жүру ережелерін бұзу, 2 өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан аумағында 3 027 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 1 872 ашылды немесе 61,8% пайызы.
Анықтама ретінде:
-  19 аса ауыр қылмыс, ашылмаған - 1 немесе 94,7%
- 557 ауыр қылмыстың, 355 ашылды немесе 63,7%.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале