23.01.2023, 13:00
Оқылды: 16

Өткен жылы елімізде 29 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылып, 8,3 млрд теңге иесіне қайтарылды

Өткен жылы 29 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылып, жәбірленушілерге 8,3 млрд теңгеге қайтарылды. Бұл туралы ҚР қаржы мониторингі агенттінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1541

Фото: kazgazeta.kz

Сондай-ақ аталмыш мәліметтер бойынша 2022 жылы азаматтарды алаяқтық схемаларға тарту әрекеттерінің жолын кесу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 мың интернет-сілтемелер мен аккаунттар бұғатталды.

«Қазірдің өзінде тартылған азаматтардың атына 19 мың ескертулер жіберілді, бұл 15 мың адамның қаржылық пирамидалары аккаунттарынан бас тартуына ықпал етті. Компанияларды қаржы пирамидасының белгілеріне тексеру үшін «Telegram-бот» енгізілді (азаматтардан 1 мыңнан астам өтінім түсті, олардың 900 шамасында қаралды). Сонымен қатар, жұмыс оларды ерте анықтауға бағытталған»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда қаржылық барлаудың аналитикалық материалдары бойынша жалпы айналымы 4,6 млрд теңгені құрайтын және 27 мыңнан астам сатып алушылары бар есірткі сататын 22 интернет-дүкен әшкереленгені айтылған. Берілген ақпарат негізінде полиция 10 іс қозғап, 17 адам ұсталған (500 дозадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 3 кг синтетикалық).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале