2.02.2024, 16:00
Оқылды: 89

«Өз-өзін іздеген адамдар да келген». Танымал журналист «Бармысың бауырым?» бағдарламасындағы есте қалған жайттарын айтып берді

Танымал журналист Қымбат Досжан Медиа Дамыту қорының "Келесі кім?" айдарына берген сұхбатында "Бармысың бауырым?" бағдарламасында болған, есінде қатты қалған оқиғаларын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

f33de468-b5da-47c2-95b1-5a21a5ee36ec

Фото: instagram.com/kymbatdoszhan

 

Журналистің айтуынша, бағдарламада тіпті өзін-өзі іздеп келген адамдар да болған.

"Бұл өміршең бағдарлама өзі. Менің ойымша қоғамда оның бәрі дүние қанша тұр, ол сонша болатын нәрсе, Бұл үлкен әлеуметтік бағдарлама. Өмірде бір мәселені шешілді, енді ол қайталанбайды деп айта алмайсың, өйткені адам жоғалады, бір-бірін іздейді, біздің бағдарламаға тіпті өз-өзін іздеген адамдар да келген. Мысалы, "мені кезінде басқа біреу асырап алыпты, әке-шешемнің кім екенін, руымның қандай екенін білмеймін, үйленейін десем әр кездескен қызға қарындасым секілді қарайтын болыппын. Мүмкін бұл менің туысым шығар деп қорқам, сондықтан өзімнің кім екенімді білу үшін келдім" деген үлкен ер азаматтар да келді. Сондықтан бұл бағдарлама расыменде халыққа көмек беретін хабар.

"Бір кісінің екі баласын 9 жылдай  бағып, адам қылдым, енді олардың анасын іздеп, тауып берші" деген әйел кісі хабарласты. Айтуынша, "базарда бірге тұрдық, әйел жаныма келіп, мен Алматыға барып келемін, екі баламды бірнеше күнге үйіңе қалдырып кетейін деп тастап кетті. Содан бері 9 жыл өтті, әйел жоқ. Мен бұл балаларды не істеймін, балалар үйіне тапсырған жоқпын" деді. Сонымен, біз екі баланың анасын іздей бастадық. Сөйтсек бұл әйелдің тағы екі баласы бар болып шықты. Іздеп жүріп ол екі баланы да тастап кеткен ананың бөлесінің үйінен таптық. Балаларлы тастап кеткен кезде ең кішкентайы сол кезде 2 жасқа әлі толмаған, ал үлкені 8 жаста болыпты. Содан мен ол балалардың анасын таптым, ол бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының бір ауылында тұрады екен, тұрмысқа шыққан. Өкінішке қарай, мен ол әйелдің түрін көре алмадым. Келем деп мені алдады. Мен тіпті оған пойызына билет алып бердім, ол кезде қазіргідей ақшаны қосымша арқылы аударып жібере алмайсың ғой, арнайы пошта арқылы салдым ақшаны. Міне, пойызға мінейін деп тұрмын деген адам келген жоқ. Ал студияда төрт бала анасын күтіп отыр. Сосын үйіне қоңырау шалып, балалармен телефон арқылы сөйлестірдік, сондағы оның айтқаны "мама, қайда жүрсің?" деген сұраққа "иә, не істеп жатырсыңдар?" деп жауап берді. Мұны естіген төрт бала не деп жауап берерлерін білмей маған қарады. Шыдай алмай жаңағы әйелге айғайладым. "Қазір ғана далаға нан алып кетуге шыққан адам секілді болып тұрсың ғой, сен балаларыңды 9 жыл бойы көрген жоқсың ғой, не істеп жатырсыңдар деген не сұрақ, студияға келіп шай ішіп отыр менде" дедім. Шынымды айтсам, содан кейін ол балалардың тағдырын бақылап отыра алмадым. 9 жыл бойы баққан екі әйел балаларды екі жаққа қайта алып кетті. Одан бері 20 жыл өтті, үлкендерінің жасы 35-40 келіп қалған шығар", - деп есіне алды ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале