ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Түркістан облысының Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары реставрация жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: madenietaqparat
Қазіргі уақытта ескерткіштің күмбездері қыш кірпішпен қапталып, жіктері су өткізбейтін арнайы қорғаныш қоспасымен өңделуде.

Ғимараттың ішінде сылақ қабаты толықтай жаңартылды. Алдағы уақытта мамандар еденді ауыстырып, қалпына келтірілген есіктер мен терезелерді қайта орнатады. Бұл шаралар кесененің тарихи келбетін жаңғыртып, оның ұзақ жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.