22.12.2021, 20:57
Оқылды: 144

Өзен, көл арналарын тазарту жайы талқыланды

Сәрсенбіде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өңірдегі су шаруашылығының жағдайы, Жайық өзенінің ескі арналарын тазалау және тұрақты суармалы жерлерді іске қосу мәселелерін қаузаған жиналыс өтті. 

e99e99a6-e12a-46ba-9036-63c1822f1dc6

 – Облысымызда су мәселесі өзекті болып отыр. Соңғы жылдары жауын-шашынның аз түсуіне байланысты Жайық өзенінің суы тартылып, өңірдің тұрмыс-тіршілігіне өз әсерін тигізуде. Жайық  – Көшім суландыру жүйесінің сумен қамтылуы төмендеуде. Мұның өзі оңтүстік аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық жағдайына кері әсер етуде.  Аталған мәселелерді шешу мақсатында облысымызда гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, қалпына келтіру және тұрақты суармалы жерлерді қолданысқа енгізу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда,  – деді Ғали Есқалиев.

79c8cb94-4bfb-411d-8cea-c8e9c5093db6

Ескі арналарды тазалау өзекті

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Алдияр Халеловтың баяндауынша, өңірдегі негізгі су артериясы Жайықтың бойында орналасқан 87 елді мекенде облыс тұрғындарының үштен екісі шоғырланған. Өзен ағынының 80 пайызы Ресей аумағынан келіп түседі. Қазіргі кезде Жайыққа су бөлу мәселесі бойынша трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясы жұмыстануда. «Елді мекендердің тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдалану, жайылымдағы ормандарды суландыру және жер асты суының деңгейін көтеру үшін Жайық өзенінің ескі арналарын тазалау жұмыстары қолға алынады. Тасқын су деңгейінің төмен болуынан өзеннің ескі арналарына су шықпайды, арналарды ағаш-шөп басқан, кіреберіс тұсы бітелген.

2c8f7aad-f1ad-40f9-88c0-5a6979517bce

Жайықтың бойында орналасқан  Бөрлі, Бәйтерек, Теректі және Ақжайық аудандарының әкімдерімен бірлесіп, елді мекендердің тұсындағы өзеннің 27 ескі арнасын тазалау қажеттігі анықталды. Оның ішінде Бөрлі ауданында - 6, Бәйтеректе - 4, Теректіде - 4 және Ақжайықта 13 ескі арна  бар»,  –  деді А. Халелов.

Аталмыш басқарма арқылы 27 арнаның ішінде Бөрлі мен Теректі аудандары бойынша 3 арнаны (Масайтөбе (Бөрлі) - 20 млн теңге, Приуралье (Бөрлі) – 10 млн теңге, Жезбұға (Теректі) - 15 млн теңге) тазалау жұмыстарына қажетті жобалық құжаттама дайындауға облыстық бюджеттен 45 млн теңге қажет.  Аудан әкімдіктері 16 арнада (Ақжайық ауданында  7 арнаға 10 млн теңге, Бөрліде – 3 арнаға 8,5 млн теңге, Бәйтерек – 4 арнаға 7  млн теңге, Теректі -  2 арнаға 2,8 млн теңге) жер жұмыстарын орындауға, арналардың кіреберіс тұстарын тазалауға аудандық бюджеттен 28,3 млн теңге қарастырулары қажет. Ал 8 арнаға (Ақжайық – 6 арна, Бөрлі – Жарсуат арнасы, Теректі – Ядовитое арнасы) су тасымалдау үшін дизельді сорғы қондырғысы мен қалқымалы көпір қоюға облыстық бюджеттен 124 млн теңге бөлінуі керек.

a15ddfbf-522e-41be-8aa4-45433e9c4b7a

Оңтүстікті сумен қамтитын жобалар

Жиында айтылғандай, биыл Жайықтың деңгейі төмен болғандықтан, берілген лимитке сәйкес 598 млн текше метр судың тек 231,5 млн текше метрі ғана алынған. Жайық-Көшім жүйесіндегі су қоймаларының орташа толуы 21,4 %-ды (Киров су қоймасында 30%, Бітікте 6%, Дөңгелекте 27 %, Пятимарда 44%) құрайды. Оңтүстік аудандарды сумен қамтамасыз ету үшін бірқатар жобалар қолға алынған. Жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайтын Киров – Шежін каналының 4-кезеңін қайта жаңғырту үшін 1,2 млрд теңге бөлінген, жобаны келесі жылы аяқтау жоспарланған. Жайық – Көшім жүйесіне барынша су алу үшін Шаған ағыны (46,8 км) мен Көшім каналын (22 км) механикаландырылған тазартудың жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобалық құны 2,6 млрд теңгені құрайтын Киров су қоймасын реконструкциялауды іске асыру «Қазсушар» филиалына тапсырылған.

– Алдағы екі жылда кезең-кезеңімен Бітік, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларын жаңарту үшін жобалық құжаттама дайындау жоспарлануда. Ақжайық ауданындағы сумен қамту мәселелерін шешу үшін Бағырлай арнасына су беру және оның бойындағы жайылымдарды суландыру үшін жобалық құжаттама дайындалмақ. Жобаның іске асуы Дөңгелек су қоймасының жүктемесін азайту, аумағы 2700 га құрайтын №49 лиманға су беру, қарбыз өсіретін шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Бұл жобаларды жүзеге асырылуы оңтүстік аудандарды кепілді сумен қамтамасыз етуге, мал басының өсуіне, жайылымдарды суландыруға, қосымша 20 мың га жерді қолданысқа енгізуге, канал бойында отырған 7 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,  –  деді Алдияр Халелов.

ac5b53c1-1f40-41f0-af9c-1db5200755ba

Ақпарат үшін. Өзеннің ұзындығы 98 км, өзен бойында жалпы сыйымдылығы 15,5 млн.текше метрді құрайтын 4 су қоймасы бар.

Өзен суы Алмалы және Тайпақ ауылдық округітерінің ауыл шаруашылығы саласын дамытуда үлкен рөл атқарады. Осы өзен бойында 15 шаруа қожалығы 240 га көкөніс пен бау-бақша егіп отыр. 32 шаруа қожалығының 6700 бас ірі қара, 19500 бас ұсақ малы, 3800 бас жылқы, 65 бас түйе және Алмалы, Атамекен, Тайпақ, Томпақ, Шабдаржап ауылдарының жеке тұрғындарының 4800 бас ірі қара малы, 12 300 бас ұсақ малы, 1600 бас жылқы және 33 бас түйе малы осы өзеннен суарылуда. Өзенде  жаздың екінші жартысынан кейін  су деңгейі төмендеп, төменгі ағысында әсіресе 4 су қоймасында су азайып, кейбір жерлерінде кеуіп қалады. Дөңгелек су қоймасынан берілетін су жеткіліксіз.

1a0c54db-f44b-4a9f-953e-9dec795b1c48

Қосымша тұрақты суармалы жерлерді іске қосу бойынша:

1991 жылы өңірімізде 55,8 мың га тұрақты суармалы жер болса, биыл бұл көрсеткіш 6623,2 га шамасында. Оның ішінде тек биыл 1295 га суармалы жер пайдалануға берілген. А. Халеловтың айтуынша, аудандарда 44881 га жерге тұрақты суармалы жерді қолданысқа енгізуге мүмкіндік бар. Оның ішінде Ақжайық ауданында 2733 га, Бәйтеректе -13549 га, Бөкей ордасында 1059 га, Бөрліде 1300 га, Жаңақалада 1108 га, Жәнібекте-2019 га, Казталовта 703 га, Сырымда 1430 га, Тасқалада 520 га, Теректіде  20460 га суармалы жерді қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.  Теректі ауданында 20460  га жерді қолданысқа енгізу мақсатында Барбастау өзеніне су беру үшін сорғы стансасы құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме дайындау жоспарланған. Сонымен қатар Теректі ауданында 1152 га, Шыңғырлау ауданында 652 га, Жәнібек ауданында 1700 га, Тасқала ауданында 34 га, барлығы 3538 га бос жер бар. Бұл жерлерді игергенде қосымша 7335 га тұрақты суармалы жерді қолданысқа енгізуге болады.

39d1c94f-0ac9-4899-b650-dee8663d809d

Облыстық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және аудан әкімдіктерімен бірлесіп барлық жер учаскелері облыстың геопорталына енгізілді.

Облыс аумағында 452 тоған, бөгет бар. Олардың 137-ісі балансқа алынып, аудан әкімдіктерінің күшімен 52-сі қолданысқа енгізілді.  Әр елді мекен тұсындағы 400 тоғанды тұрғындардың шаруашылық қажеттіліктерін өтеу, мал суару, бау-бақша егу, ең қажетті азық-түлік түрлерін өндіру үшін   қайта қалпына келтіру қажеттігі де жиында сөз болды. Бөгет, тоғандарды аудандық бюджет пен демеушілердің көмегімен жөндеп,  су жинауға пайдаланудың маңызы бар. Әр тоған тұсынан 5-10 га жерді қолданысқа енгізу арқылы 5-6 мың га тұрақты суармалы жерді қосымша қолданысқа енгізуге болады.

Ақжайық, Казталов және Жаңақала аудандарына 2020 жылы арнайы техникалар алынған болатын. 2020-2021 жылдары Казталов ауданының өзінде барлығы 10 шақырым канал, 16 елді мекенде 16 көбік тазаланды. Жаңақала ауданында жалпы 30 шақырым канал тазаланып, бір бөгет және екі көбік тазаланды.

Осы аталған облысымыздың әлеуетін ескерсек, барлығы 58 мың га тұрақты суармалы жерді қолданысқа енгізу мүмкіндігі бар.

Гулбаршын Ажгереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале