15.07.2020, 11:38
Оқылды: 111

Пандемия кезінде ЖОО-ға қабылдаудың негізгі алгоритмдері нақтыланды

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің Фейсбук парақшасында тікелей эфирде өткен брифингте карантин жағдайында университетке құжат тапсыру тәртібі турасында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры, в.ғ.д., профессор Асқар Наметов, Студенттер контингентін қалыптастыру және мансап орталығының директоры Біржан Нұрғалиев карантин жағдайында университетке құжат тапсыру тәртібі турасында баяндады.

3E5653C1-8816-4B55-B0FD-65310AD4820C

Брифингте спикерлер пандемия кезінде ЖОО-ға қабылдаудың негізгі алгоритмдеріне ерекше тоқталды.

Талапкерлер www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік грантты иелену үшін өтініштер береді.

Сонымен бірге www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ЖОО-ға түсуге өтініш береді.

- Әр университет талапкерлерін өз автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қабылдайды.

Жәңгір хан университетін таңдаған талапкерлер «Платонус» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркеледі.

Талапкер қабылдау комиссиясына 25 тамызға дейін келіп, құжаттардың барлық түпнұсқаларын техникалық хатшыға ұсынады.

Ал магистратура және докторантура бойынша 28 тамызға дейін уақыт берілген.

Бұл алгоритм бойынша толық нұсқаулықтар алу үшін университеттің Call-орталықталығына қоңырау шалуға, әлеуметтік желілердегі парақшаларға немесе университеттің қабылдау комиссиясына жолығуға болады.

Сонымен қатар қабылдау комиссиясында талапкерлерге білім беру бағдарламаларын дұрыс таңдауға кеңес беріліп, электрондық ақпараттық кілт алуға (ЭАҚ) көмек беріледі. Электронды үкімет порталында авторизация жасау мен мемлекеттік грантты иелену үшін конкурсқа жеке мәліметтерін енгізуге көмек-қызметтер көрсетіледі, - дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры, в.ғ.д., профессор Асқар Наметов.

Айта кетерлігі, Call-орталықта 12 қалааралық телефон жұмыс жасайды. Whatsapp, Instagram, Facebook, Telegram, Вконтакте барлық әлеуметтік желілерінде парақшалар бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале