27.05.2021, 11:35
Оқылды: 190

Пандемияда кәсіподақ жұмыстарын мобилдендіру, цифрландыру қажеттілігі туды

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала аудандық білім беру бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 2020-2021 оқу жылын қорытындылау мақсатында «Педагогикалық Оскар-2021» мерекелік шарасы өтті.

FB_IMG_1622096251501

Шара барысында аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен байқауларда кәсіби біліктіліктерін көрсете білген, тынымсыз еңбектенудің, шәкірттерді білім додаларына, шығармашылық байқауларға дайындап, шыңдау жолында жеткен жетістіктері үшін бірқатар мұғалімдер «Үздік педагог», «Үздік жас маман», «Үздік сынып жетекші» т.б. секілді аталымдармен марапатталып, кәсіподақ атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Шара соңында еңбек ұжымындағы 4 мұғалімге жазғы демалыс кезінде денсаулықтарын қалпына келтіріп, демалу үшін «Ақжайық», «Сарыағаш», «Ақсу демі» шипажайларына жолдамалар табысталды.

ос

Тасқала аудандық білім беру бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы 2016 жылы құрылып, бүгінгі күнге дейін еңбек адамының мүддесі үшін елеулі жұмыстар атқарып келеді. Құрамында 105 кәсіподақ мүшесі бар. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, 16 жылдық еңбек өтіліне ие информатика пәнінің мұғалімі Гүлзада Гарифуллина өз кезегінде кәсіподақ жұмысының белсенділігіне ғана емес, кәсіподақ қозғалысын мобилдендіру, цифрландыру бағытына да назар салады. Еңбек ұжымындағы кәсіподақ мүшелері үшін «Google Forms» арқылы жиі онлайн сапалық тесттер, анонимді анкеталық сұрақтар, ұсыныстар жолағы ұйымдастырылады.
Бұл орайда бірлестік төрайымы: «Білім беру мекемелерінде, әсіресе мектептерде кәсіподақ жұмысының нәтижесі ұстаздардың белсенділігімен көрініс табатыны жасырын емес. Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ – белсенді еңбек ұжымы. Біздің бірлестік «Маман сапасы – жұмыс сапасы» ұстанымына арқа сүйейді. Сондықтан да әр кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік, рухани, денсаулық мәселелері біздің басты назарымызда, - дейді.

 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале