16.09.2021, 17:30
Оқылды: 91

Паралимпиадашыларды марапаттау үшін үкіметтік қордан 735,8 млн теңге бөлінеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" ҚР Үкіметінің қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

2021091617413449845_paralimpiadshylar

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне 2021 жылы өткен Токиодағы (Жапония) XVI жазғы Паралимпиадалық ойындарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеті резервінен 735 843 900 (жеті жүз отыз бес миллион сегіз жүз қырық үш мың тоғыз жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін, делінген құжатта.

Жеңімпаз-спортшыларының тізімінде 13 адам, одан бөлек жеке жаттықтырушылар мен ұлттық құраманың жаттықтырушылары бар.

Құжатта айтылғандай, спортшылар Паралимпиададағы жеңістерімен республикамыздың әлемдік деңгейдегі беделін және Қазақстанның спорттық имиджін көтерді.

Қабылданған шаралар спортшылардың дайындығын жоғары сапалы деңгейге көтеруге, жетекші жаттықтырушылар мен мұғалімдерді жоғары дәрежелі спортшыларды дайындауға және халықаралық жарыстарда республика спортшыларын дайындығын одан әрі жетілдіре түсуге мүмкіндік береді, делінген құжатта.

Аталмыш жоба қоғамдық талқылау үшін 30 қыркүйекке дейін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале