5.01.2024, 0:00
Оқылды: 120

Парламент Мәжілісінің депутаты ұландықтармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Салахатдинұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған іссапары барысында, әскерилердің қызметімен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына ат басын тіреді.

IMG-20240104-WA0067

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөліміне сапары барысында әскери бөлімінің қызметтік жауынгерлік қызметімен, әскери техника түрлерімен, атыс қаруы және жеке құрамның түрлі жауынгерлік қызметтерді атқаруға арналған жабдықтарымен танысты.

IMG-20240104-WA0066

Кездесу аясында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Бекайдар Қазкеев, халық қалаулысын өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамы орындайтын міндеттермен, оқу-материалдық базамен және әскери бөлімдердің тұрмыстық жағдайларымен таныстырды. Сонымен қатар өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердегі көпті толғандырған көкейтесті мәселелерге тоқталды. Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Салахатдинұлы туындаған мәселелерді шешу бойынша бар күш-жігерін салатынына сендірді.

IMG-20240104-WA0065

Іссапар барысында әскери бөлімнің мұражайына көз жүгіртіп, тарихтан сыр шертті. Кездесу аясында халық қалаулысы әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету саласы аясында ұсыныстарын тыңдап, көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Аталмыш кездесу соңында Бақтықожа Салахатдинұлы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Құрметті қонақтарына арналған» кітабына:

IMG-20240104-WA0064

"Әскери бөлімде болып көптеген мәліметтер алдым, сонымен қатар еліміздің қауіпсіздігін, тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген әскери тұлғаларға үлкен құрметпен қарайтын азаматтардың бірімін"- деп жазба қалдырды.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале