9.03.2021, 17:14
Оқылды: 2769

Педагогке жарты миллион теңге берілді

2021 жылдың 12 қаңтары мен 5 наурызы аралығында «Алтын жүрек» атты республикалық педагогтер байқауы қашықтан өтті. Оған қосымша білім беретін ұйымдарда қызмет ететін педагог әйелдер қатысты. Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдары академиясы» ҚҚ ұйымдастырды.

райг1

Республика бойынша 126 қосымша білім беру педагогы қатысқан байқаудың «Менің портфолиом» аталымы бойынша ұстаздар еңбегі жан-жақтан саралай келе, қазылар алқасы негізгі үш жүлделі орынды белгіледі. Шығармашылық сайыс нәтижесінде БҚО балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология орталығының «Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық» бөлімінің меңгерушісі, І санатты қосымша білім беру педагогі Райгүл Альмуханова ІІІ дәрежелі диплом мен 500 мың теңге ақшалай сыйлық сертификатына ие болды. «Алтын жүрек» республикалық педагогтер байқауының марапаттау рәсімі 6 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтті. Райгүл Сағынәліқызы – балалалар туризмі саласында 18 жыл қызмет атқарып келе жатқан білікті ұстаз. Қазіргі уақытта қосымша облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында туристік-өлкетану бағытында «Жас өлкетанушылар» үйірмесіне жетекшілік етеді.

райг2

– «Алтын жүрек» байқауы – қосымша  білім беру педагогтарының кәсіби деңгейін көтеретін ауқымды шара. Байқау жүлдегері атанғаныма қуаныштымын. Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында республикамыздың түкпір-түкпірінен  келген  әйел-педагогтарға, ұстаздар қауымына арналған форумға да қатыстым. Педагог мәртебесін көтеруге арналған іс-шаралар жалғасын табады деп ойдамын. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп Абай атамыз айтқандай, әрқашанда еңбекқор, шығармашыл педагогтар және білімді шәкірттеріміз  көбейе берсін, - дейді Райгүл Альмуханова.

 Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале