17.08.2020, 10:42
Оқылды: 89

 Погодаевта облыс әкімі жеке кәсіпкер есебінен салынып жатқан спорт кешенімен танысты

Бәйтерек ауданында болған облыс әкімі Ғали Есқалиев Краснов ауылдық округі Погодаев ауылында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысты.

5

Толықтай жергілікті кәсіпкер есебінен бой көтеретін кешенде волейбол, шағын футбол, баскетбол ойындарына арналған алаң және түрлі үйірмелер өткізуге қажетті орындар болады.

5-1

Кешен ішін аралап, кәсіпкер Бейбіт Асановпен тілдескен өңір басшысы оның қолға алған ісі көпке үлгі екенін жеткізді.

5-2

Сондай-ақ Погодаев басында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменов Ғали Нәжімеденұлына ауданда қолға алынған бірнеше инвестжобаларды таныстырды.

5-3

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале