30.07.2026, 18:00
Оқылды: 2

Полиция азаматтарға алаяқтардың арбауына түспеу жолдарын еске салды

Үздіксіз жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, алаяқтар азаматтардың ақшасын иемдену үшін алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануын жалғастырып жатыр, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ac01958c094874dfe0018a31fd555bb9_1280x720

Ең жиі кездесетін алаяқтық тәсілдердің бірі – өзін банк қызметкері, құқық қорғау органдарының өкілі, байланыс операторы немесе мемлекеттік ұйым қызметкері ретінде таныстыратын адамдардың қоңырау шалуы.

Олар түрлі сылтаулармен азаматтарды "SMS" арқылы келген кодтарды, банк картасының деректемелерін айтуға, несие рәсімдеуге немесе ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді. Есте сақтаңыз: банк пен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы мұндай әрекеттерді талап етпейді.

Интернет арқылы сауда жасағанда ерекше сақ болыңыз. Бейтаныс сатушыларға алдын ала төлем жасамаңыз, сайттар мен хабарландырулардың шынайылығын тексеріңіз, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Бір реттік растау кодтарын, құпиясөздерді және жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз. Күрделі құпиясөздерді қолданыңыз, екі факторлы аутентификацияны қосыңыз және банк шоттарыңыздағы операцияларды тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.

Егер интернет-алаяқтық әрекетіне тап болсаңыз немесе оның құрбанына айналсаңыз, дереу жақын жердегі полиция бөліміне жүгініңіз немесе "102" нөміріне хабарласыңыз. Уақытылы жүгіну қылмыскерлерді анықтау және жаңа қылмыстардың алдын алу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау сіздің қаражатыңыз бен жеке деректеріңізді қорғауға көмектеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале