13.09.2024, 16:00
Оқылды: 159

Полиция департаменті: «Оралда төрт жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат жалған»

Бүгін таңда Оралдағы Зашаған шағынауданында төрт жасар қызды зорлап кеткен. Күдікті терезені сындырып ішке түсіпті деген ақпарат желдей есті. Ақпараттың рас-өтірігін анықтау мақсатында БҚО Полиция департаментіне хабарластық.

Полиция ЖП (жаңа фото)

Иә, расымен кеше яғни, 12 қыркүйек күні сағат 11:19-да Зашаған полиция бөліміне әйел адам хабарласып, үйде қалған бүлдіршін қызға біреулер азғындық жасаған болуы мүмкін деп хабарлама түсіріпті.

Хабар түскен бетте оқиға орнына БҚО Полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы барған.

Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали айтты.

– Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы шұғыл куәгерлерден жауап алып, сол маңдағы камераларды тексеріп шықты. Бейнебақылауларды тексеру кезінде үйге бөгде адамның кіргені анықталған жоқ. Сол мезетте қыз баланы дәрігерге көрсетіп, сот медициналық сараптамасы жасалды. Дәрігердің қорытындысы бойынша қызға ешқандай зақым келмегені анықталды. Кейін белгілі болғандай әйел адам 2020, 2022, 2024 жылы туған үш баланы үйде иесіз қалдырып кеткен. Анасы қайтып оралғанда терезенің ашық жатқанын көреді, бірақ есік жабық болған. Осыдан кейін әйел адам шұғыл полицияға хабарласқан. Біз полиция өкілдері ата-аналардан баланы қараусыз қалдырмауды және жалған ақпарат таратпауды сұраймыз, - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.

Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке жатады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале