7.08.2022, 13:25
Оқылды: 484

Полиция кәсіпкер өліміне қатысты күдіктілердің суретін жариялады

БҚО полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылғы Кожантаев Руслан Фархатұлын және 2001 жылғы Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жариялады.

InShot_20220807_130720364
Департаменттің мәлімдеуінше, кеше кеште Оралдағы Исатай-Махамбет көшесінде пышақтан жарақат алып, жан тапсырған ер адамның өліміне олардың қатысы бар.

Қаза болған 1974 жылғы азамат жергілікті кәсіпкер.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Аталған оқиға бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

БҚО полиция департаменті, егер күдіктілерді көрсеңіздер немесе нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 немесе 98-45-30 нөмеріне қоңырау шалуларыңызды сұрайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале