11.11.2020, 12:16
Оқылды: 78

Праймериздің екінші кезеңі өтті

"Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалының XХVIII конференциясы өтті.

30E7FF58-2084-47D9-81DD-F16DDF868BD2

Партия филиалының төрағасы Абат Шыныбеков Орал қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын бекіткен күн тәртібімен таныстырды. Конференцияда пікірсайыс қорытындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі жетекші партияның партиялық тізімін бекіту, сондай-ақ конференцияның қарауына облыстық конференцияға делегаттар тізімін енгізу туралы ақпарат тыңдалды.

678FCC6F-2DD7-4264-A705-8BF0196AF730

Жиында сөз алған Абат Шыныбеков партия филиалының алдағы жылға арналған негізгі міндеттері мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Содан соң бірінші кезеңнен өткен праймериз қатысушылары арасында дебат өтті. 

Партияның БҚО филиалының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке қарағанда праймериздің бірінші кезеңінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 460 кандидат тіркеліп, оның 421 кандидат қатысты. Оның ішінде 155 әйел (36,8 %), 35 жасқа дейінгі жастар 144 (34,2 %). (39 үміткер әр түрлі себептермен праймеризден шықты). Дауыс беруге төрт күн ішінде БҚО-ның 22 903 партия мүшесі немесе жалпы санының 85%-ы қатысты. Партия мүшелерінің көпшілігі онлайн форматта дауыс берді (дауыс беру учаскелеріндегі ұялы телефондар мен компьютерлер арқылы) 18 390 адам, ал партияның 4513 мүшесі қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс берді.

Орал қаласы бойынша праймериздің екінші турына 44 үміткер өтті. Оның ішінде 37 адам рейтинг көшбасшылары, 7 кандидат партияның қалалық филиалы төрағасының квотасы бойынша. Қалалық мәслихатта сайлаушылардың көбеюіне байланысты мандаттар саны өсіп, 22-ге жетті. Осылайша үміткерлердің пікірін ескере отырып және олардың рейтингіне сәйкес, партияның қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысында  пікірсайысқа қатысушы 24 адам анықталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша дебатқа қатысқан 24 үміткердің 12-сі облыстық партиялық тізімге өтіп, 12-сі қалалық партиялық тізімге енгізілген.

17 қарашада өтетін "Nur Otan" партиясының облыстық конференциясы барысында облыстық мәслихатқа партиялық тізімдер және ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізімге кандидаттар анықталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ қалалық және аудандық партиялық конференцияларда кандидаттар арасындағы дебаттар праймериздің екінші деңгейі аясында өткізіледі. Партия ішіндегі іріктеудің бірінші кезеңіне өңірде 421 үміткер қатысты.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Жанна Балықова 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале