5.05.2023, 12:10
Оқылды: 155

Премьер-Министрдің орынбасары жас кәсіпкерлермен кездесуде

Дәл қазір Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Оралдағы Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-да жас кәсіпкерлермен кездесіп жатыр.

WhatsApp Image 2023-05-05 at 13.07.56

- Биыл жастар саясаты жөнінде жаңа тұжырымдама қабылдадық. Мақсаты жастарды жұмыспен қамту, біліктілігін арттыруға және кәсібін ашуға көмектесу. Ауылдарда жетіспейтін мамандар дайындап, тұрғын үймен қамтамасыз ету. Биыл жастарға төмен пайызбен шағын несие беру үшін арнайы бағдарлама қабылданды. Алғашқы жылдың өзінде бағдарлама аясында 30 миллиард теңге бөлінді. Әр жас 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Біздің мақсатымыз аталмыш бағдарламаны жастар арасында түсіндіріп, жеткізу, - деді Алтай Сейдірұлы.

Кездесуде оралдық кәсіпкерлер жұмыс барысында кездесіп жатқан мәселер туралы айтып жатыр.

Динара Насыр,
Фото: Әділет Абдрешов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале