6.10.2021, 12:26
Оқылды: 88

Президент Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микурияны қабылдады

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микурияны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

211006132107968e

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының белсенді мүшесі ретінде ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін айтып, ұйым басшысының елімізге көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Президент пандемия кезінде елімізде ұлттық экономика мен халықаралық сауданы қолдау жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталып, бұл жұмыстар қарқын ала түсетінін жеткізді.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале