29.01.2022, 21:29
Оқылды: 97

Президент: Қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бандиттер есірткіге елтіген күйде болған

Қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бандиттер есірткіге елтіген күйде болған. Бұл туралы «Хабар» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

AD2A72DF-1982-486C-A0AE-B11D1B9D80C7

– Қазіргі тергеу амалдары ұрыс іс-қимылдарына тікелей қатысқан бандиттердің есірткіге еліткен күйде болғанын көрсетіп отыр. Оларда ауырсу сезімдері болмаған. Егер күштік құрылымдар соңғы кезеңде қару қолдана бастап, аяқтарын атқанда олар құлап, бірақ, әдетте жарақат болған кездегі ауырсынуды сезінбеген. Бұл операцияның өте тыңғылықты дайындалғанын тағы да білдіреді, - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан көрсетілуде. Сұхбат барысында Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап беруде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале